Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысында ер адам таныс әйелді балконнан лақтырып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінен 48 жастағы азаматшаның дене жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түсті.
Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен жәбірленушіден дене жарақаттарын қандай жағдайда алғандығын анықтау үшін жауап алу жүргізілді. Белгілі болғандай, ол оқиға болған күні өзінің 39 жастағы танысының үйінде болған.
Отырыс барысында екеуара сөзге келіспеушілік болған. Арада шыққан дау-жанжал барысында 39 жастағы азамат жәбірленушіні үшінші қабаттан балконнан жерге лақтырып жібергені анықталды.
Полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, қызуқандылықпен осындай іске барғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.