$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында қайын ағасы келінін зорламақ болған

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр

Алматы облысында қайын ағасы келінін зорламақ болған
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Қарасай ауданында 6 баланың анасын қайын ағасы зорламақ болған. Артынша әйелді қайын ағасының ұлы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Оқиғаның жай-жапсарын белгілі заңгер Айман Омарова Facebook парақшасында жазған.

«Қайын ағасы түнде келіншектің үйіне келіп зорламақ болған. Келіншек үйінен қашып шыққан. Ер адамның ұлы Бекжан әйелді тепкіге алған. Салдарынан көп қан жоғалтып, көк бауырын алып тастауға тура келген. Тергеуші Исабай Айдар тек қана Бекжанды уақытша тергеу мекемесіне қамаққа алған. Әлі санкция болмаған. Ал оның әкесі А. әлі тайраңдап жүр»,-деп жазды заңгер.

Алматы облысының Полиция департаменті 35 жастағы әйелдің жансақтау бөліміне жатқызылғаны туралы ақпарат келіп түскенін растады.

«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1999 жылғы күдікті Қарасай ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары