Зілзала ошағы – Қазақстан мен Қытай шекарасында
«13 ақпанда сағат 09: 49-да жер сілкінісі тіркелді» деп хабарлайды Azattyq Ryhy Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.
«Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы: 8.5. Магнитуда: MPV 3.9. Зілзала ошағы: 43.00 градус солтүстік ендік, 80.60 градус шығыс бағыт. Тереңдігі: 15 шақырым. Сілкіністің сезілуі туралы мәлімет (ММК-64 шкаласы бойынша): жоқ», - делінген хабарламада.