$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2022, 16:59
Оқиғалар

Алматыда Art sport бағдарламасы бойынша миллиондаған қаржы жымқырылған

Бұл туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары мәлімдеді

Алматыда Art sport бағдарламасы бойынша миллиондаған қаржы жымқырылған
Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы Art sport бағдарламасынан миллиондаған ұрлық фактілері анықталды. Бір қылмыстық іс қозғалды және тағы алты қылмыстық іс ашуға негіз бар. Алматы қаласы прокуратурасының Art sport бағдарламасын тексеруінің алдын-ала нәтижесі осындай. Бұл туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Рақышев жұмыс тобының отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бюджет қаражатын бірнеше миллион доллар жымқыру анықталған.

«Мұнда бюджет қаржысын ұрлау үшін нақты схема болған. Біз осы бағдарламаның жұмысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеуіміз керек. Бағдарлама функционалының өзі тиімсіз, бақылау-қадағалау органдарына бюджет қаржысының жұмсалуын уақытылы әрі тиімді бақылауға мүмкіндік бермейтінін көріп отырмыз», - деді Нұрсұлтан Рақышев.

Оның мәліметінше, 3000-нан астам баланың шетелде болғаны анықталған. 5000-нан астам сабақ өткізілмеген. Сонымен қатар, жаттықтырушылардың еңбек құқықтары да бұзылған. Шарттар жасалмады, зейнетақы аударымдары жүргізілген жоқ.

Балалармен тығыз жұмыс істейтін 10 жаттықтырушы бұрын сотталған болып шықты. Прокуратура тексеру комиссиясымен бірлесіп алаяқтыққа жол бермес үшін бағдарламаның техникалық аудитін пысықтауда. Тексерулер жалғасып жатыр, нәтижесі тексеріс біткесін жарияланады.

Серіктес жаңалықтары