$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.09.2022, 16:37
Оқиғалар

Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жалған аккаунт ашылған

Мемлекет басшысының атынан фейк-хабарламалар таралып жатыр

Желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жалған аккаунт ашылған

Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі ресми парақшасынан алынған скриншоттар жарияланды. Онда Президенттің атынан студенттерге пиццерия мен суши дүкендеріне және т.б. сертификаттар беріледі делінген. Бұл – фейк, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Скриншоттар графикалық редакторларда өңдеу арқылы жасалған. Олардың кейбірі бастапқыда Instagram-да @QazNews24 сатиралық аккаунтында жарияланып, кейін басқа пайдаланушылар арасында тараған», - деп жазады Stopfake.kz.

Мемлекет басшысының ресми парақшаларында мұндай хабарламалар жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми аккаунттары Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде бар.

Сондай-ақ Президенттің қызметі туралы өзекті ақпаратты Ақорда парақшаларынан алуға болады.

Серіктес жаңалықтары