$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.09.2022, 17:31
Оқиғалар

Түркістан облысында банкке 20 млн теңге шығын келтірген ер адам ұсталды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында банкке 20 млн теңге шығын келтірген ер адам ұсталды

Сарыағашта банкке 20 млн теңге шығын келтірген күдіктінің ісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға банк өкілінің бірі арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер банк қосымшасы арқылы 2021 жылы жалған тауар сату-сатып алумен айналысып, банкке 20 миллион теңге шығын келтірген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Осындай жолмен алаяқтық жасағандарды ұстау үшін арнайы топ құрылды. Сондай-ақ бұл қылмысты ашуға тергеушілердің кәсіби шеберлігі өз септігін тигізді. Соның нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын, жұмыссыз жас жігіт анықталды.

«Белгілі болғандай, күдікті банк қосымшасы арқылы тауар сатып алу операцияларын жасаймын деп бір ай ішінде 20 миллион қаражат алған. Алайда ешқандай тауар алмай, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары