$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.09.2022, 13:59
Оқиғалар

Көкшетаулық жігіт әдейі көлік астына түскен

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Көкшетаулық жігіт әдейі көлік астына түскен
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетауда жігіт әдейі көлік астына түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 қыркүйекте сағат 06:52-де Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының қызметкерлерінен “ЖБМЖ, СММ, бас терісінің көгерген-жыртылған жарақаты, суицидтік әрекет” диагнозымен облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Сағат 06:00 шамасында жас жігіт бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүріп келе жатқан KIA автокөлігінің алдына жүгіріп шыққан.

Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚК 105 бабы 1-бөлігі “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары