Алматының 30%-ын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған құбыр жарылды
Талғар су құбырының қолданысқа берілгеніне елу жылдан асқан
Алматыда Атырау шағын ауданы аумағындағы Талғар су тартқышының 1-ші тармағында апат болды.
Апаттық су құбыры негізгі сумен жабдықтау жүйесінен ажыратылды. Судың сыртқа жайылуынан жер үйлердің ауласын су басқан.
"Кәсіпорынның апаттық қызметтері абоненттерді апаттық су таратқыштан басқа желілерге ауыстырып қосу жолымен сумен жабдықтау схемасын өзгерту жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сумен жабдықтауды шектеу аймағы барынша қысқартылды.
Апатты жағдайдың кесірінен Медеу ауданы-Атырау шағын ауданы-9 екі қабатты үй, 20 ЖТҚ, Атырау қазандығына қосылған Түрксіб ауданы, Айша Би шағын ауданы, Волочаевская көшесі 200 үй, 5 үш қабатты үй, қазандық және 5 әкімшілік ғимарат сусыз қалған.
ЖЭО-1, ЖЭО-2 және басқа абоненттерге су беру штаттық режимде жүзеге асырылады",- деді" Алматы су" МКК баспасөз қызметі.
Апат таңға жуық болған. Апаттық жағдайды жою және сумен жабдықтау схемасын өзгерту үшін 4 апаттық бригада, оншақты арнайы техника жұмылдырылған.
Талғар су құбырының диаметрі -1200-1400 мм, төрт тармақты. Құбыр өткен ғасырдың 60-жылдары пайдалануға берілген және ұңғымалардан шығатын суды тасымалдауға арналған.
"1-тармақ 1967 жылы пайдалануға берілді.
Осы су таратқыштар арқылы Алатау, Жетісу және Түрксіб, Медеу аудандарының тұрғын және әкімшілік құрылыстарын сумен жабдықтау, сондай-ақ ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су беру қамтамасыз етіледі.
Талғар су тартқыштары арқылы берілетін судың жылдық көлемі Алматы қаласын сумен жабдықтаудың барлық көлемінің 25% -27% - ын құрайды",- деді "Алматы Су" МКК баспасөз қызметі.