21.09.2022, 10:57
Оқиғалар
Павлодар облысында 20 тонна сыраны шекарадан заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмаған
Мемлекеттік кірістер комитеті Павлодар облысында 20 тонна сыраны шекарадан заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Найза» шекаралық автомобиль өткізу пунктінде 20 тонна сыраны заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Алкоголь өнімдерін заңсыз әкетудің аталған дерегі 15 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде анықталған», - делінген комитет хабарламасында.
Құжаттарды қарау және тексеру барысында алкоголь өнімінің тиісті құжаттары болмағаны анықталды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді