Атырау облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттен зардап шеккендер болған жоқ

Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Атырау облысындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 20 қыркүйекте сағат 8:57-де Атырау қаласы Кеңөзек ауылы маңында, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде және «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында шамамен 60 га аумақта қамыс өртенген.

«Жердің батпақты және өрт сөндіру техникалары өте алмауына байланысты өртті сөндіру мүмкін болмады. Елдімекендерге қауіп төніп төнген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің 20 қызметкері мен 2 бірлік техникасы және «Ақ Жайық» МТР 5 жұмысшысы және 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Өрт ошағына жету жолдардын іздестіру кезінде батпақты жерде батып қалған «TREKOL» автокөлігі толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ.

«21 қыркүйекте сағат 7:30-да МИ-8 тікұшағы барлау жұмысын жүргізіп, 20х20 көлемінде 2 өрт ошағын және 100 м көлеміндегі бықсып жанған аумақты анықтады. Қазіргі уақытта әуеден сөндіру жумыстары жүргізіліп жатыр. Елдімекенге қауіп жоқ», - делінген хабарламада.