$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақмыс» қызметкерлерінің денсаулығын тексеруге барған дәрігерлер қаза тапты

Бір топ дәрігер мінген автобус Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында жол апатына түскен

«Қазақмыс» қызметкерлерінің денсаулығын тексеруге барған дәрігерлер қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

“Қазақмыс” компаниясының Балқаш қаласындағы қызметкерлерін профилактикалық тексеруден өткізуге барған екі дәрігер жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қарағанды облысында болған бұл жол апатынан тағы 8 дәрігер әртүрлі жарақат алған.

“Жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы “Жезқазған медициналық орталығы” ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина  қызметкер зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы “Қазақмыс” компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан болатын. Олар мінген автобус МАЗ маркалы  жүк автокөлігімен соқтығысып,  жол апатына ұшырады”,- деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министр Ажар Ғиният дәрігер Виктория Кенжеханова мен Бақыт Қыстаубаеваның жақындарына қайғырып көңіл айтқан.

“Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтальмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды”,- деп жазған жеке парақшасында Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары