Алматы облысында екі бірдей зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткіден мас болғанын айтты
Алматы облысында екі зорлау дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қонаев полициясына екі жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Әйелдер полиция қызметкерлеріне бейтаныс ер адамның шабуылдағаны жайында хабарлаған.
«Бірінші жағдайда күдікті 40 жастағы әйелді үй тазалауға көмекке шақырған. Кейін оған шабуыл жасап, оның еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Екінші эпизодта 41 жастағы әйел ер адамның құрбанына айнала жаздаған», - делінген Polisia.kz Telegram-арнасында.
Екі жәбірленуші де шабуыл кезінде күдіктінің есірткі әсерінен масаң күйде болғанын айтты.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (Зорлау) бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды.