19.09.2022, 15:51
Оқиғалар
Қостанайда 100 млн теңге ақша бопсалаған компания қызметкері сотталды
Оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті компания директорынан ірі көлемде ақша бопсалаған тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Компанияның банкроттық басқарушысы коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 млн теңге ақша бопсалағанын анықтады. Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды», - делінген ведомство хабарламасында.
Аталған азамат қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды