Түркістан облысында 100 мың АҚШ долларын елден заңсыз әкетпек болған әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кінәліге 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөзден

ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті декларацияланбаған валютаны заңсыз әкету фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Түркияға бет алған Қазақстан азаматы 100 мыңға жуық АҚШ долларын елден шығармақ болған», - делінген хабарламада.

Жолаушының қолсөмкесінен кедендік декларациясы жоқ шетел валютасы табылды.

«Кінәліге 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Тәркіленген қаржы мемлекет кірісіне айналдырылды.