$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2022, 12:33
Оқиғалар

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

100-ден астам салымшының шығыны анықталып жатыр

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысатын инвестициялық компания атын жамылған «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ұйымдастырушылар азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған», - делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы саны 100-ден астам салымшының қаржы пирамидасының қызметінен келген шығыны анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

«Агенттік өкілдері азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары