14.09.2022, 11:27
Оқиғалар
Павлодар – Қызылорда тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды
Аталған жайтқа қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар – Қызылорда тас жолында жаяу жүргінші көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні сағат 23:25-те Екібастұз қаласы Құлакөл ауылынан бес шақырым жерде Павлодар - Қызылорда автожолының 1268 шақырымында тіркемесі бар «Вольво» маркалы автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі жолдың жүру бөлігінің оң жағымен ілеспе бағытта жаяу кетіп бара жатқан жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды