Рудныйда екі жігіт қылмыс үстінде қолға түсті
Олар жоғары вольтты бағананы ұрламақ болған
Рудныйда екі ер адам қылмыс үстінде қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz –ке сілтеме жасап.
Қостанай облысында екі ер адам металл тіректі ұрлауға тырысқанымен, қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмады.
Күзет қызметкерлері жоғары вольтты бағананы ұрлаған күдіктілерді ұстады.
«Рудный қаласында 31 және 33 жастағы ер адамдар кәсіпорындардың бірінің шаруашылық аумағына кірген. Жергілікті тұрғындар газжалынды жабдықтың көмегімен жоғары вольтты металл тіректерді кескен. Ұрлық жасау барысында оларды күзет қызметкерлері ұстады», – деді Қостанай облысы ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Абзал Болатов.
Металл сынықтарының салмағы 750 килограмды құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.