$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына «Айбын» ордені табысталды

Қаза болған 36 жастағы сержант Айдос Тоғызбаевтың артында 5 баласы қалды

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына «Айбын» ордені табысталды

Абай облысында қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табысталды. Сондай-ақ, марқұмның отбасына 3 бөлмелі пәтердің сертификаты да берілді, деп хабарлайды Azatyyq Ruhy. 

Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев пен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Абай облысы Жарма ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде күйік шалып, қаза болған өрт сөндірушінің отбасымен кездесті. 

«Айдос Тоғызбаевтың батылдығы мен батырлығы, қайсарлығы мен өз қызметіне адалдығы баршамызға үлгі-өнеге болып қала бермек. Антына адал, Айдос бауырымыздың бойында  дәл осындай қасиеттердің болғанына осы ерлігі дәлел. Мен, Абай облысы тұрғындарының, және жеке өзімнің атымнан марқұмның жолдасына, туған туыстарына тағы бір мәрте қайғырып көңіл айтамын»,-деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев. 

Айта кетейік, Абай облысының Жарма ауданында 5000 гектар аумақ өртті сөндіру кезінде 3 өрт сөндірушіні күйік шалып, оның бірі көз жұмған еді. Қаза болған 36 жастағы сержант Айдос Тоғызбаевтың артында 5 баласы қалды.

Серіктес жаңалықтары