Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Павлодарда балабақшада өрт шықты. Жалын 12 минуттан кейін сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 13 қыркүйек күні сағат 11:00-де Павлодар қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 159/1 мекенжайындағы № 53 балабақшада өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
«2 қабатты ғимараттың бірінші қабатында электр сымдары жанған. Өрт 0,5 шаршы метр алаңды шарпыды», - деді департаментте.
Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында ТЖД 19 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды.