12.09.2022, 13:39
Оқиғалар
«Қызық үшін ұрлаған»: Алматыда бөтеннің көлігін заңсыз иемденген ер адам ұсталды
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
35 жастағы алматылық қызық үшін бөтеннің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Біздің бөлімшеде алматылық азаматтың Toyota Camry автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы М.есімді азамат ұсталды, ол өзінің алкогольдік масаң күйде болғанын айтып, өз әрекетін мойындады. Ер адам көлікке мінгісі келгенін айтты. Көлікті басқара алмай қалған қаскөй ЖКО жасап, тоқтап тұрған бірнеше көлікті соқты. Көлік тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі (Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
