ШҚО аудандарының бірінде тұтанған табиғи өрт он күннен бері сөндіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Алтай аймағындағы өрт аумағы 2,4 мың гектарға жеткен

Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде 2 қыркүйектен бері табиғи өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Noks.kz мәліметінше, Алтай аймағындағы өрт аумағы 2,4 мың гектарға жеткен.

«Өрт 2 қыркүйекте Зырян орман шаруашылығы мен Быковский орман шаруашылығының таулы аймағында шыққан», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, 12 қыркүйектегі жағдай бойынша сөндіруге 207 адам, 29 техника және екі тікұшақ жұмылдырылды.

Тегтер: