$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2022, 12:43
Оқиғалар

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді көлік қағып өлтірді

Қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында болған

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде зейнеткерді көлік қағып өлтірді

Ақтөбеде жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан зейнеткерді көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 11.00 шамасында болған.

«Б. Момышұлы даңғылының бойымен Орталық көшеден Мира көшесіне қарай келе жатқан Toyota Avensi көлігінің 59 жастағы жүргізушісі «Автогородок» аялдамасына қарама-қарсы бетте, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жүргіншіге жол берместен, қағып өтіп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 63 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары