$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.09.2022, 12:04
Оқиғалар

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Аталған факті бойынша тексеріп жүргізіліп жатыр

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Аталған факті бойынша сараптама тағайындалды.Тексеріс жүргізіледі, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні сағат 22:00-де Қызылтаң ауылының жанындағы Омбы – Майқапшағай автожолының 338 шақырымында «ТОУОТА SEQUOLA UHPY» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 38 жастағы жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екінші жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйек күні сағат 00:10-да Ленин – Курчатов автожолының 101 шақырымында, Кеңтүбек ауылының маңында болды. «ВАЗ-21099» және «ВАЗ-2106» автокөліктері соқтығысқан", - деді департаментте. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің 54 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 30 жастағы жүргізуші мен 29 жастағы жолаушы, сондай-ақ «ВАЗ-21099» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Серіктес жаңалықтары