Алматы әуежайына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Әуежайдан қауіпті зат табылмады

Бүгін  «102» пультіне 17 сағат 52 минутта белгісіз біреуден қоңырау түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz сатына сілтеме жасап.

Бомба қойылғаны туралы ақпарат Көліктегі полиция департаментіне хабарланған. Халықаралық әуежайдағы жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау басталғанымен, қауіпті зат табылмаған.

Шұғыл іздестіру барысында жалған ақпарат таратқан 22 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұсталған.  1997 жылы туған Б7 есімді азаматты патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының тергеу бөлімшесіне жеткізген.

«Ұсталған азамат бұрын осыған ұқсас әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл факт ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Сонымен бірге, әуежайдағы бомба қойылғаны туралы ақпарат расталмағанын хабарлаймыз. Әуежайда жедел-іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүрбелең мен алаңдаушылыққа себеп жоқ», -деді  Алматы қаласы ДП жедел басқару орталығының басшысы,  полиция полковнигі Андрей Квашнин.