Олар «Покер» ойынын ұйымдастырып, 22,5 млн теңгеден астам аса ірі көлемде кіріс алған
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті монша кешенінде орналасқан астыртын ойынхана қызметін заңсыз ұйымдастырған бір топ тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Тергеу барысында 6 адам заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде «Покер» ойынын ойнау үшін заңсыз ойын мекемесін ұйымдастырып, 22,5 млн теңгеден астам аса ірі көлемде кіріс алғаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде казинода ойыншы мен қызметкерлер болған, әртүрлі номиналдағы ойын фишкалар, карталар және т.б. қылмысты дәлелдейтін заттар тәркіленді.
Сонымен қатар, астыртын казинода тек тексерілген клиенттерге кіруге мүмкіндік беретін жүйе орнатылды»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агеттігінің баспасөз қызметі.
Айыпталушылар кінәлі деп танылып, оларға әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.