$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.09.2022, 09:57
Оқиғалар

Алматыда жолаушыларға толы автобус өртеніп кетті

Қоғамдық көлік «Алматыэлектротранс» ЖШС-ға тиесілі

Алматыда жолаушыларға толы автобус өртеніп кетті

Алматыда таңертең жолаушыларды тасымалдауға шыққан №38 автобус жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Жолаушылар көліктен түгел шығып үлгерген. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.

"Сағат 08:27- де өрт сөндіру бөлімшелері Әуезов ауданына жұмылдырылды. Жол кептелісіне қарамай, 7 минутта Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысына келген сәтте №38 маршруттық автобустың өртенгені анықталды. Жанып жатқан автобусты сөндіру үшін жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді.

Қабылданған шаралармен сағат 08:47-де өрт ауыздықталып, 08:50-де толықтай сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",-деп мәлімдеді Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары