05.09.2022, 16:29
Оқиғалар
Шымкентте 2 жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Бала ересектердің қарауынсыз қалған
Шымкентте «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен екі жасар бала құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оtyrar.kz жазуынша, оқиға 4 қыркүйекте кешке болған. 2020 жылы туған бала екінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Сәби балалар ауруханасына жеткізілді.
«Қалалық балалар ауруханасында балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, іш жарақаты деген алдын ала диагноз қойылды. Дәрігерлер ұл баланың жағдайын орташа тұрақты деп бағалап отыр. Сағат 20:45-те дәрігерлер қараған соң, амбулаторлық емделуге үйіне жіберілді», - делінген қалалық ТЖД хабарламасында.
Айта кетсек, соңғы сегіз айда қалада осымен алтыншы бала терезеден құлап кеткен.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
