Қытайда коронавирустан шетел азаматтары көз жұма бастады
Қайтыс болғандардың бірі – АҚШ азаматы
Уханда коронавирустан алғаш рет шетелдік азамат көз жұмды. Бұған дейін індет құрбандары тек қытайлық азаматтар болған еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Вирус жұқтырып қайтыс болғандардың бірі – 60 жастағы АҚШ азаматы. Бұл жайында Бейжіңдегі АҚШ елшілігі хабарлаған, деп жазады «Ведомости» басылымы.
Ал АҚШ-тың өзінде 12 адам вирус жұқтырған, дегенмен бәрі де дін-аман.
Сонымен қатар, Жапония Сыртқы істер министрлігі Ухань ауруханасында бір жапон азаматының қайтыс болғанын мәлімдеді. Ол азамат та 60 жаста болған. Ол коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын, көп ұзамай пневмониядан қайтыс болған.
ДДСҰ мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 30 мың адам ауру жұқтырып, 724 адам індеттен көз жұмған.