$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2022, 09:36
Оқиғалар

Үш бала зардап шекті: Шымкентте жол апатынан әйел адам қаза тапты

Жол апатынан балалардың анасы қоқиға орнында көз жұмды

 

Шымкентте үш балалы отбасы отырған көлік жол-көлік апатына ұшырап, балалардың анасы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы оқиға 26 тамызда түнгі сағат 2.00 шамасында Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшелерінің қиылысында болған.

«Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған балалардың анасы қайтыс болды. Оның үш баласы жараланған. Балалардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Көлік тізгінінде отырған күйеуі жеңіл жарақат алған», - деп жазады Otyrar.kz.

Жол апаты Toyota Camry және Audi A8 маркалы екі көліктің көше қиылысында соқтығысуы салдарынан болған.

«Toyota Camry көлігін жүргізіп келе жатқан 29 жастағы азамат Бозарық көшесінен Көшеров көшесіне бұрылған сәтте Audi A8 көлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі Төлеметов көшесімен Бозарық жаққа бұрылған», - делінген ақпаратта.

Соқтығыс болған кезде бағдаршам жанып тұрған. Қазір полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары