БҚО-да «Қазпошта» қызметкерлері жылдар бойы ақша ұрлап келген

Автор: Azattyq Rýhy

Олар барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған

Фото: tengrinews.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Қазпошта» АҚ пошта бөлімшесінің екі қызметкерінің ЖШС бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Ведомствоның хабарлауынша, барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған.

«Сонымен қатар олар 2013-2020 жылдар ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн теңгедан астам қаражатын иемденіп алған», - делінген агенттік хабарламасында.

Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.