Індеттен көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 88 адамға артқан
Қытайда 8 ақпан күні таңертең коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 722 адамға, ауруды жұқтырғандар саны 34,8 мың адамға жетті. Сондай-ақ, аурудан айыққан 2050 адам ауруханадан шығарылды, деп жазады РИА Новости.
Қытайдың Гигиена және денсаулық сақтау жөнінен мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, індеттен көз жұмғандар саны бір тәулік ішінде 88 адамға артқан.
Ал мұның алдында 31,1 адамның ауру жұқтырып, 636 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған еді.
«Денсаулық сақтау жөнінен мемлекеттік комитет 7 ақпан күні түнде 31 провинциядан 34 546 адамның коронавирустан пайда болған пневмония жұқтырғаны туралы ақпарат алды. 31 744 адам ем алуын жалғастыруда, олардың 6101-і ауыр халде жатыр, 2050 адам ауруханадан шығарылды, 722-сі көз жұмды», – делінген хабарламада.
Айта кетсек, коронавирустан көз жұмғандар мен ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі NCoV коронавирусының таралу ошағы саналып отырған Ухань қаласында тіркелген. Қытайдың өзге де провинцияларында осы індеттен көз жұмғандардың бар екені белгілі.