Павлодар облысында жол апаты болып, жүргізуші көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы Қалқаман – Баянауыл – Керней автожолында болған

Павлодар облысында жол апаты болып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.   

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты салдарынан жүргізуші қаза тапты. 

Жол-көлік оқиғасы Қалқаман – Баянауыл – Керней автожолында болған.

«21 тамызда сағат 18:00-де Қалқаман ауылы маңында «Mercedes-Benz E» 220 автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікпен кюветке аударылып кеткен», - дейді департаментте. 

Салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.