Қайтыс болғандардың арасында бала да бар
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол-көлік апаты салдарынан 5 адам қаза тапты, оның біреуі - бала, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты Покровка – Жаңажол автожолының 54-шақырымында болған.
«Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған. Жол-көлік апаты салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел мен үш жолаушы (оның ішінде бір бала бар) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.