Шымкентте бір жасар бала электр тоғынан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған

Шымкентте бір жасар бала электр тогынан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай кеше кешке «Нұртас» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Ата-анасының айтуынша, үйде Asel пеші ұзартқыш арқылы қуат көзіне қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген бала абайсызда ақауы бар электр сымын ұстап алған.

«Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Қалада тамыз айында электр тоғынан соққы алып, 2 жазатайым оқиға болды. Оның бірінде 2013 жылғы қыз бала зардап шексе, екінші жағдайда 2021 жылғы бүлдіршін көз жұмды», - делінген хабарламада.