Түркістан облысында заңсыз алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан 3 цех анықталды

Azattyq Rýhy

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында заңсыз алкоголь өнімдерін өндірумен айналысқан 3 цех анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтардың жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азамат Түркістан облысы мен Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан», - делінген агенттік хабарламасында.

Цехта жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркасы, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.