Жамбыл облысында тексеру комиссиясының төрағасына 45 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Айыпталушы мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды

Фото: unikassa.ru

Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың қыркүйек айында Жанатбек Джапаров субсидия төлеу заңдылығы бойынша оңтайлы аудиторлық есеп беруге ықпал еткені үшін кәсіпкерден 3 млн теңге алған.

«Осы жылдың 12 тамызында Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Джапаров алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған 45 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды», - делінген агенттік хабарламасында.

Айыпталушы мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқару құқығынан айырылды.