Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеп келген әйел ұсталды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болған

Фото: sputnik.kz

Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеп келген әйел ұсталды. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

" Бір эпизодта 26 жастағы К.есімді азаматша, әженің сеніміне қиянат жасап, оның деректерін пайдаланып, онлайн 900 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.