Бес адамның өмірін қиған жол апаты: 3 жасар қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Автор: Мира Байбек

Тағы екі баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

 

Фото: pixabay.com

Алматы облысында 5 адамның өлімімен аяқталған жол апатынан зардап шеккен үш баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан белгілі болғандай, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 3 бала Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға түскен.

«Үш жасар қыз жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы деген диагноз қойылды. 12 және 9 жастағы балалар хирургиялық бөлімде емделіп жатыр. Балалардың жағдайы орташа ауыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тақырыпқа орай: Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Еске салсақ, 6 тамыз күні кешке «Ауди» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал жолында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Renault көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 5 адам қаза тауып, кәмелетке толмаған 3 бала ауруханаға жеткізілген болатын.