Бортта болғандардың 179-ы жарақат алған
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Измир — Ыстамбұл бағытында қатынайтын Pegasus әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, әуе көлігі үшке бөлініп қалған еді. Бортта болғандардың 179-ы жарақат алған. Олардың үшеуі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Анадолу» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген құтқарушылар мен дәрігерлер бригадалары адамдарды қирап қалған ұшақтан алып шыққан. Ұшақ өртене бастаған. Бұған дейін 52 адамның жарақат алғаны, қайтыс болғандар жоқ екені туралы хабарланған болатын. Ұшақ апатына байланысты тергеу амалдары басталды.
Оқи отырыңыз: Түркияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады