Жер үйлердің ауласындағы сарайлар да жанған
Алматыда жекеменшік үш үй өртеніп кетті деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Үйлермен бірге ауладағы сарайлар да жанған. Жалпы өрт аумағы 395 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдайлар департаменті қазір өрттің сөнгенін мәлімдеп отыр.
Оқиға орнында 44 өрт сөндіруші мен 18 техника және полицейлер де жұмыс істеді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ. ТЖД мамандары өрттің себебін анықтап жатыр.