$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2022, 10:28
Оқиғалар

Өскемен тұрғыны бақшасында марихуана өсірген

44 жастағы ер адам ұсталып, тергеу амалдары басталды

Өскемен тұрғыны бақшасында марихуана өсірген

Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар картон қорап, 4 полимерлі түйін және өсімдік тектес заты бар 2 газет түйіні табылды және алынды, сонымен қатар қаскөйден салмағы 7500 грамм болатын 39 түп қарасора табылды.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан алынған зат салмағы 700 грамнан астам кептірілген марихуана, 2 грамнан астам гашиш болғанын көрсетті. Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары