Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін, 26 шілдеде табылған
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 шілдеде сағат 00.30-да кезекші пультіне хабарласқан ер адам танысыныңның орманға саңырауқұлақ теру үшін шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы айтқан.
Жоғалған адамды іздеу үшін полиция қызметкерлері мен еріктілер, жергілікті тұрғындар жұмылдырылған.
«Жоғалған адамның денесі төрт күннен кейін, 26 шілдеде сағат 20.00 шамасында табылды», - делінген хабарламада.
Қазір өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.