Сүңгуірлер Жайық өзенінен ер адам мен әйел адамның денесін алып шықты
Жергілікті ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпан күні мұз астында адамның денесі көрініп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен сүңгуірлер судан әйел адамның денесін алып шығады.
Өзен жағасындағы бос көлікті байқаған құтқарушылар «жүргізуші де суға кетті ме» деп күдіктеніп, іздеу жұмыстарын жалғастырған.
Іздеу барысында өзеннен ер адамның мәйіті табылды. Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын сот-медициналық сараптамасынан кейін айтамыз деді.