Қанды қылмыс бойынша 60 жастағы қала тұрғыны ұсталды
Ерейментау қаласында көршісін атып өлтірген 60 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Azattyq Ruhy Ақмола облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Ерейментау қаласының 38 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысқа күдікті ретінде 60 жастағы көршісі ұсталып, қару тәркіленді. Сонымен бірге, оқиға куәгерлері де анықталды. Қылмыстық істі тергеу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.