$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2022, 14:54
Оқиғалар

Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды

Уланғандардың кейбіреуі ауруханаға жатқызылған

Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, уланғандардың кейбіреуі ауруханаға жатқызылған.

«20 шілдеде «Іскер» мердігер компанияның 1 қызметкері құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және жалпы әлсіздікпен Жылыой орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оларға «орташа ауырлықтағы диарея» диагнозы қойылды. Теңіз кен орнындағы медициналық клиникада тамақтан уланған жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетілді. Содан соң олардың бір тобы клиникаға жатқызылды. Жеңіл дәрежеде зардап шеккен жұмысшылардың кейбірі жатақханаға жіберілді. Ауруханада жатқандардың жағдайы орташа деп бағаланады», - делінген хабарламада.

Жұмысшылардың бәрі «КазПромСтрой Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты асханада түскі ас ішкен. Аталған қоғамдық тамақтану орнында сынамалар алып, ұлттық сараптама орталығына тексеруге жіберілді.

Қазіргі уақытта асханада жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.

«Теңізшевройл» мердігер компания басшылығы «жұмысшыларына қажетті медициналық көмек көрсету шараларын көрсетіп жатқанын» мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары