Ақши ауылының Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары жағаға 1993 жылы туған ер адамды жеткізді
Алакөлде үрмелі матраспен жел ағызып алып кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 19 шілде күні сағат 19-30-да Алакөл көлінде, Алакөл ауданы Қамысқала ауылдық округінің «Заячья губа» учаскесінде болған.
Ақши ауылының Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары жағаға 1993 жылы туған ер адамды жеткізді.
«Сағат 17-25-те желдің күшеюіне байланысты ер адам отырған үрлемелі матрасты толқын ағызып, жағадан екі шақырым қашыққа алып кеткен. Құтқарылған адам медициналық көмекті қажет еткен жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салады:
- тек жабдықталған жағажайларда және ресми рұқсаты мен құтқару қызметі бар шомылуға арналған орындарда шомылыңыз;
- қатты толқындар мен дауылды ауа-райында шомылмаңыз;
- жүзе алмай, жүзу үшін арналға шеңберлерді, үрлемелі матрастарды қолданбаңыз;
- жүзе алмайсаңыз суға белден жоғары түспеңіз;
- суға шомылу кезінде бір-біріңізді көз алдыдан жоғалтпаңыз;
- жағалаудан жақын жерде орналасқан қалқалар мен қоршау белгілерінен алысқа жүзбеңіз;
- қайықтарға жақын жүзбеңіз;
- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз;
- ұзақ уақыт шомылмаңыз, гипотермия және дене шаршауы мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыз;
- балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз.