Қостанайда сотталушы асқазанына телефон салып өтпек болған

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

© AP Photo

Қостанайда сотталушы асқазанына телефон салып өтпек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, УК-161/1 мекемесіне келген соң сотталушыға тексеру тобы қызметкерлері рентген аппаратынан өтуді ұсынған. Соның барысында оның асқазанынан тыйым салынған зат табылған.

«Рентген суретінен көргеніміздей, сотталушының асқазанынан телефоннан басқа, тырнақ алғыш та табылды», - деп хабарлады ҚАЖД.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетерлігі, соңғы жылдары түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды әкелу әрекеттері жиі тіркеле бастаған. Алайда олардың бұл әрекетінен еш нәтиже шыққан емес дейді вдеомство өкілдері.