Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы бағыттағы жүк көлігіне соқтығысқан

Фото: kstnews.kz

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Костанайские новости» порталының жазуынша, қайғылы жол апаты 17 шілдеде таңғы сағат 7:40-та Қостанай-Қарабұтақ тасжолының 56-шақырымында, Рудный мен Тобыл арасындағы айналма жолда болған.

«Nissan көлігінің жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш ер адам: жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты», - делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.