$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2022, 14:54
Оқиғалар

Оралда 8 адам қаза тапқан жол апатының мән-жайы айтылды

Қайтыс болғандар арасында екі көліктің жүргізушілері, төрт ересек жолаушы және екі бала бар

Полиция өкілдері Оралда 18 шілде күні түнде айналма тасжолда екі көліктің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапқан жол-көлік апатының мән-жайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, VenOil жанармай құю бекетіне қарама-қарсы тұста Nissan (көлікте тек жүргізуші болған) мен Lada (көлікте бес ересек адам мен екі бала болған) соқтығысқан.

«Мой город» порталының жазуынша, БҚО ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Мерхат Әженов Nissan көлігінің тізгінінде 32 жастағы жүргізуші болғанын, ол айналма тасжолда алдында келе жатқан көлікті басып озбақ болып қарсы жолаққа шыққан сәтте Lada көлігіне соғылғанын нақтылады.

«Апат салдарынан сегіз адам: Lada жүргізушісі мен оның жолаушылар: төрт ересек пен екі бала, сондай-ақ Nissan жүргізушісі қаза тапты. Қаза болғандар арасында бір отбасы: әкесі, анасы және 13 және 10 жастағы екі баласы түгел көз жұмды. Оқиға 18 шілде күні түнгі сағат 2:22-де айналма тасжолда болған», - деді полиция өкілі.

ПД өкілі Nissan автокөлігінің Ресейде тіркелгенін, автокөліктің тұрақты тіркелген орнын анықтау үшін сұраныстар жіберілгенін айтты.

«Айналма тасжолда апатты азайту үшін жылдамдық шегі 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа азайтылды. Қосымша спидометрлер, камералар орнатылды. Полиция күштерін күшейтті», – деді Әженов.

Тақырыпқа орай: Оралда жантүршігерлік жол-көлік апатынан 8 адам қаза тапты

Анықталғандай, кінәлі жүргізушінің екі жыл ғана жүргізу тәжірибесі болған және бұған дейін бірқатар заңбұзушылық жасаған, оның ішінде екеуі жылдамдықты асыруға қатысты болған. Lada жүргізушісінің 20 жылдан астам жүргізу тәжірибесі болған, бір рет жылдамдықты асырғаны тіркелген.

Айта кетерлігі, әлеуметтік желіде аталған қайғылы апаттың видеосы тарады. Онда екі көліктің соқтығысқан сәті түсіп қалған.


 

Серіктес жаңалықтары