ШҚО-да ер адам 13 жылдан бері Ресей азаматы екенін жасырып келген

Azattyq Rýhy

Жыл басынан бері өңірде азаматтық туралы заңнаманы бұзған 40 адам жауапқа тартылды

ШҚО-да ер адам 13 жылдан бері Ресей азаматы екенін жасырып келген
Фото: polisia.kz

ШҚО-да ер адам қос елдің азаматтығын алғанын 13 жыл бойы жасырып келген, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтады. Бородулиха ауданында полиция қызметкерлері 55 жастағы ер адамның Ресей Федерациясының азаматтығын 2009 жылы алғанын және ол туралы бүгінгі күнге дейін үндемегенін анықтады.

13 жылдан бері көрші елдің азаматы болып, Қазақстан аумағына кірген кезде ер адам ҚР азаматының құжаттарын пайдалануды жалғастырған.

«Заң бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігі бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты алынды және ҚР азаматтығынан айырылды», – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ПД Көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды уақтылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.